Жылулық сезілген ретро суреттер...

  22 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өнер әдебиеттері бөлімінде «Жылулық сезілген ретро суреттер...» атты шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға қазақ өнерінде өзіндік орны бар, ұлттық мәдениетімізді дамытуға ерекше үлес қосқан танымал тұлғалар туралы қысқаша мәлімет беру.

   Сұхбат барысында Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі Ғ.Құрманғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қ.Рахимова, Құрмет орденінің және  Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері Г.Қазақбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор М.Сағатов және  Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер, XX ғасыр қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі Мұрын жырау туралы қызықты ақпараттар айтылды.  

  Қатысушылар қазақтың «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» атты дисктер топтамасынан Ғ.Құрманғалиевтің орындауында әндер тыңдады. Соңынан мәдениет майталмандарына арнап дайындалған кітап көрмесімен танысты.




















23 қаңтар 2019 ж. 10:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: