«Жұлдыз шашқан жырлар» поэзия кеші

      Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосып, қазақ әдебиетін биікке көтерген Әбділда Тәжібаевтың шығармалары 2019 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылды. Ақынның өмір жолы мен шығармалары, сын зерттеу, естеліктері көпшілікке жақсы танымал деуге болады.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыл сайын ақпан айында «Тәжібаев оқуларын» дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биыл белігілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толып отыр.

     Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында абыз ақын, драматург, прозаик, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110-жылдығына  арналған «Жұлдыз  шашқан жырлар»  атты поэзия кеші болып өтті. Шараға ақынның туысы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қатира Жәленова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Несібелі Рахмет, ұстаз, ақын Ділдахан Торғаева, туысы Гүлнар Ысқақова, ақын, журналист, Толыбай Абылаевтар қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталды. Белгілі сазгер, Бексұлтан Бәйкенжеевтің ұлы Әпсұлтан Утепбергенов ақынның өлеңіне жазылған «Сырдария» әнін орындады. «Жауқазын - Ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері ақын өлеңдерін оқыды. Оқырмандар назарына «Жыр дариясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кешке қатысушылар Әбділда Тәжібаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.








 
04 ақпан 2019 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: