«Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» /поэзия кеші/

       6 ақпан  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақыны Әбділда Тәжібаевтың  туғанына 110 жыл толуына орай   «Неге маған жырламасқа, Сырда  туған елімді»  атты  поэзия  кеші  өткізілді. Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық сезімдерін оятып, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспешілігін арттыру мақсатында өткізілген шараға №140 Абылайхан атындағы қазақ орта мектебінің, №264 Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицейдің,  Ахмет Байтұрсынов атындағы № 211орта мектептің, №233 Жаппасбай Нұрсейітов атындағы орта мектептің,  №172 орта мектептің, №12  І.Қабылов атындағы орта мектептің  оқушылары қатысты. Олар ақынның өз Отанына, туған жеріне, табиғатына деген ыстық сезімін бейнелейтін лирикалық жырларынан және даналылыққа толы дастандарынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар оқушылар ақынның  шығармалары  қойылған кітап көрмесімен танысты.





 
06 ақпан 2019 ж. 19:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: