«Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі» атты дөңгелек үстел

       2019 жылдың 15 ақпан күні сағат 15.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп   «Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі»  атты  шара онлайн-ремимінде өткізілді. Шара кітапхананың Ә.Тәжібаев мұражайында өтті.

       Шараға  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қ.Жәленова,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист, Н.Рахметова,  Халық ағарту ісінің үздігі, ардагер - ұстаз,  ақын Д.Торғаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты, доцент А.Айтбаева және кітапхана оқырмандары қатысты.  Шара  барысында  ақын туралы маңызды, қызықты тың деректер айтылып, жас кітапханашылар ақын өлеңдерін оқыды. «Ә.Тәжібаевтың ақындық әлемі» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.




 

15 ақпан 2019 ж. 19:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: