«Ядролық қарусыз болашаққа!»

Қазақстан егемендік алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Осы орайда, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына орай  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы  «Ядролық қарусыз   болашаққа!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем – ядролық қарудан бас тартады» деген бастамасы жайында мерзімді басылымдар беттерінде басылған мақалалар мен  Семей ядролық полигонында атом қаруын сынақтан өткізген уақытта аймақ тұрғындары мен табиғатқа тиген зардаптары туралы жазылған М.Сарсекенің «Семей қасіреті», Е.Байғабылұлының «Ядролық зұлмат», Н.Р.Жотаевтың «Долгое эхо ядерных испитаний», К.Бозтаевтың «29августа», Н.Кочегаровтың «Полигон», К.Бозтаевтың «Семипалатинский полигон» т.б кітаптары қойылды.

 
19 ақпан 2019 ж. 17:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: