Бақытжан Ахметбек «Сыр ескерткіштері» (кітабының презентациясы)

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  2019 жылдың 22 ақпан күні Қазақстан Республикасының «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің магистранты Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлының «Сыр ескерткіштері» кітабының презентациясын өткізді.

     Оқырман қауым үшін туған өлкеміздің өткені, тарихы жайлы құнды дүние болып табылатын «Сыр ескерткіштері» кітабында ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, осы өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған.

Шараға «Кездесу» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары ардагер, ұстаз Қуандық Ахметұлы мен Иманбаева Жұпаркүл қатысып өз пікірлерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Қатысушылар «Туған ел - тұнған тарих» атты кітап көрмесін тамашалады.





 
22 ақпан 2019 ж. 17:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: