Тарих. Таным. Тағылым Ғылыми-танымдық конференция

         27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қоғам қайраткері, шығыстанушы Серәлі Лапинның туғанына 150 жыл толуына орай «Тарих. Таным. Тағылым» атты ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға шығыстанушы Серәлі Лапинның өмір жолы мен ғылыми еңбектерін танытып  үлгі ету, өз елінің тарихи тұлғаларын танып-білуге үйрету,  патриоттық сезімдерін дамыту.

        Шара барысында араб, парсы, тағы да басқа бірнеше шығыс тілдерін меңгерген Серәлі Лапинның өмір жолы туралы, оның аудармашылығы, ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылып жүрген аңыздарды ел аузынан жазып алып, қалдырғандығы, халық ағарту ісіне, шығыстану іліміне қосқан зор үлесі жайында баяндамалар жасалды. Ғылыми-танымдық конференцияға профессор, тарих ғылымдарының докторы Аңсатова Меруерт Нағметқызы, Заң ғылымдарының кандидаты, Болашақ университетінің кафедра меңгерушісі Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы, өлкетанушы Әубәкір Жұмабай Байзақұлы және Экономика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Құдайбергенов Қазыбай, сонымен қатар қаламыздағы арнаулы оқу орындарының студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

        Конференция аясында «Қайраткер Серәлі Лапин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.





 
27 ақпан 2019 ж. 18:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: