Жастығын жалын шарпыған Кездесу кеші

        2019 жылдың 27 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Кеңес Одағы  әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Жастығын жалын шарпыған» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.

         Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.

         Шараға Қорқыт Ата атындағы Ауған соғысының ардагерлері Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты, аға оқытушы Қ.Өткелбаев, «Құрмет» Орденінің иегері Ғ.Камалов, №253 орта мектептің мұғалімі Е.Отаров, Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектептің мұғалімі А.Орғараева, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ш.Керейбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

         Ауған соғысының ардагерлерлері басынан өткен соғыстың зардаптары, майдангер достары, ерен ерліктері туралы жастарды жігерлендіретін, патриоттық сезімдерін оятатын пікірлерімен бөлісті.

Кеш барысында  жастар ардагер ағаларға сауалдарын қойып, олардың шынайы естеліктерін қызыға тыңдады.






 
27 ақпан 2019 ж. 19:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: