«Пушкин –ұрпақтармен мәңгі»`атты поэзиялық кеш (А. С. Пушкиннің туғанына 220 жылдығына арналған )

  14 наурыз күні Ә. Тәжібаев  атындағы облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  орыс әдебиетінің негізін қалаушы,  ақын А. С. Пушкиннің 220 жылдығына  орай «Пушкин –ұрпақтармен мәңгі»`атты поэзиялық кеш өткізілді.Шараға № 140 Абылайхан атындағы орта мектеп, №268  мектеп-лицейдің  ұстаздары мен  оқушылары қатысып, бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» Александр Сергеевич Пушкиннің  өмірі мен шығармашылығы  жайлы  мағлұмат алды. Шараға қатысқан балалар   ұлы ақының өлеңдерін жатқа оқып, «Балықшы мен балық»   ертегісінен қойылым қойды.

   Шара барысында «Пушкин –ұрпақтармен мәңгі»` атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.




 
14 наурыз 2019 ж. 18:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: