«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан»

     2019 жылдың 28 наурыз күні Қызылорда облысы кітапханаларында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр - Сұлтан деп өзгертілуіне байланысты «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты көлемді кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін, Елордамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, өркендеуі туралы шығармаларын насихаттау.
     Кітап көрмесіне Н.Назарбаевтың әр жылдары жарық көрген «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Тәуелсіздік белестері», «Тәуелсіздік дәуірі», Қ.Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі», «Мәңгілік Ел-Қазақстан», «Біздің Президент», М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі», «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы: хроника, оқиғалар, айғақтар», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы», С.Түгелдің «Астана хикаялары», «Қазақстан: Фотоальбом» еңбектері  қойылған.

Кітап көрмесіне 8200 –дай оқырман қатысты.



 
 

 
28 наурыз 2019 ж. 19:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: