Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі Дөңгелек үстел «ҰЛЫ ДАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ»

    Осыдан 2 жыл бұрын ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.  Осы бағдарлама аясында барлық салаларда тың жобалар мен ізденістер туындады. Осының бір айғағы, біздің Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесіп өткізілген «Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел мен «Ұлы Дала жәдігерлері» атты кітап көрмесі.

     Шараға айтыскер ақын, «Алтын домбыра» айтысының екі дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы - ғалымдары Сәтбай Тастайбек пен Болат Боранбай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Бахытнұр Мырзахметова және кітапхана оқырмандары мен студент жастар қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұрпақ тәрбиесі туралы  өрісті ойларын кеңінен ортаға салды.

      «Ұлы Дала жәдігерлері» атты көрмеге Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кітаптары мен қолжазбалары, шетел архивтері мен кітапханаларынан әкелінген ұлтымыздың әдеби құнды мұралары қойылды. Кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлдерайым Қосназарова  кітап көрмесіне шолу жасап, көрмеге қойылған кітаптардың мазмұны, тарихы және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесіне тоқталды.

      Кез-келген халықты танытатын сол елдің тарихы дейтін болсақ, сол тарихты танытатын құнды жазбалар. Осы ретте де шараға қатысушы жастарға күллі түркі дүниесіне ортақ әдеби жәдігерлер жете таныстырылды.кітап көрмесіне қойылған әрбір құнды жәдігер мен дөңгелек үстел барысында айтылған аталы сөздер жастардың бойында тарихи сананы жаңғыртып қана қоймай, олардың бойына ұлттық рухты сіңіреді деп ойлаймыз.








 
12 сәуір 2019 ж. 19:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: