«Құнарлы тамақтану – денсаулық негізі» Мамандар кеңесі

   2019 жылдың  16 сәуір  күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми  кітапханасында   «Құнарлы тамақтану – денсаулық негізі» атты мамандар кеңесі өтті.

   Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы  дәрумендерге бай болу керектігі  және дұрыс тамақтану ережелерін түсіндіру . Аталған шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы дәрігері Т.Мұханбет, облыстық жастар денсаулық орталығы валеологы А.Болатқызы қатысып, құнарлы өнімдерді таңдап, адам ағзасын нығайтуда дұрыс тамақтанудың дене және ой қабілетін арттырудың маңызы зор екендігі жайлы кеңес берді. Шара барысында «Ұмыт болған ұлттық тағамдар»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.



 
16 сәуір 2019 ж. 19:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: