«Жыр – менің планетам» (поэтикалық батл)

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 18 сәуір күні Абылайхан атындағы колледжде «Жыр – менің планетам» атты поэтикалық батл ұйымдастырды.

Поэзияның құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу, жастар арасында кітап оқуды ілгерілету мақсатында өткізілген шарада оқырмандар қазақ поэзиясының көрнекті тұлғаларының өлеңдерін жарыса оқыды. Сонымен қатар қатысушылар өздері шығарған өлеңдерін  оқып, поэтикалық батл қызықты өтті. Кеш қонағы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Мамутова  аталған шараның жастардың сөйлеу мәдениетіне, көркем ойлау шеберлігіне тигізетін ықпалын атап өтті.



 
18 сәуір 2019 ж. 16:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: