«Kitap Fest - 2019» кітап фестивалі

     Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап    ғылыми    кітапханасы 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap Fest - 2019» кітап фестивалін өткізді.  Мақсаты - кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.  
     Фестиваль ақын Мағжан Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін!» өлеңімен  ашылды. Қатысушыларды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы құттықтап, сөз сөйледі.
     Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. «Open Space: Кітапхана жастар көзімен…» ашық сұхбат алаңында жастардың кітап оқу мәселесі бойынша актуалды сұрақтары талқыға салынды. Кеш қонақтары өздері оқыған сүйікті кітаптарын оқырмандарға ұсынып, өз пікірлерін білдірді. Шара барысында қонақтар «Кітапхана- жастар көзімен...» тақырыбында сурет немесе сызба түрінде ойларын қағазға түсірді. «Қазақстанның  болашағы - жастар» атты ашық микрофон алаңы    ұйымдастырылды.  Ашық микрофонға қатысқан қазақ гуманитарлық заң  және техникалық  жоғары   колледж оқытушысы Талғат Аманкелдіұлы,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің техника ғылымдарының магистрі, оқытушы Нұрбек Жаппарбеков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің химия ғылымдарының кандидаты Нұрғали Ақылбеков, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің философия докторы Нұралі Нұрғалиев және «Болашақ» университетінің «Ойдария» пікірсайыс клубының  белсенді жастары ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың ролі, АІ технологиялар, робототехника жасау, цифрландыруға көшу секілді тақырыптарды еркін түрде сөз қозғап, жаңа идеяларымен бөлісті.
       «Өнер қиылысы» - арнайылап қойылған мольберттерге сурет салуға ынтасы бар кез келген шараға қатысушының қолына қалам алып шығармашылық бағыттағы өз деңгейін байқауына мүмкіндік  жасалды.  «Шеберлер ауласында» қыздарға қажетті әшекей  бұйымдар жасаудан шеберлік сабағы өткізілді. Шараға қатысушы қонақтар үшін Домбыра үйірмесіне қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, «Домбыра Party» күй тарту ұйымдастырылды. «Жастар жырлайды» атты  жас ақындар алаңында поэзия кеші өткізілді. «Жауқазын - ғұмыр» клубының мүшелері ақын Ә.Тәжібаевтың поэзиясынан  өлеңдер оқыды.  «Жастардың да айтары бар!» жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледж студенттері қатысты. Айтыста «Ұлы даланың жеті қыры»,  кітапты насихаттау, жастарды оқуға тарту тақырыптары қозғалды. «Кітаппен өмір шуақты» - балалар алаңында интеллектуалды- танымдық ойын, викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқырмандар «Сүйікті кітабым, сүйікті кейіпкерім» атты кітапханалық квилт, «Әдеби-шоу»  интеллектуалды ойындарына  қатысты.      
          Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындары және колледж студенттері, мектеп оқушылары, жалпы қала тұрғындары қатысып, тамашалады.







 
23 сәуір 2019 ж. 19:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: