«Цифрлы технология-болашаққа батыл қадам» атты онлайн-вебинар

    26 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Цифрлы технология-болашаққа батыл қадам» атты онлайн-вебинар өткізілді.

    Мақсаты: цифрлы технологиялар инфрақұрылымын  құру,  өлкетану бағытындағы ресурстар қорын  арттыру  және кітапхана пайдаланушылардың  ақпаратқа тез әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Аталған шараға Қызылорда қалалық кітапханалар жүйесі, Арал, Қармақшы, Шиелі аудандық кітапханалар жүйесінің кітапхана қызметкерлері  мен бағдарламашылары және Абылайхан атындағы жоғары колледжінің студенттері  қатысты.

Шара барысында: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында атқарылған іс-шаралар жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар Skype желісі арқылы онлайн режимінде өлкетану бағытындағы құжаттарды жоғары деңгейде сандық форматқа өткізу жолдары dpi көлемін таңдау, стандарттау, jpg, pdf, tiff форматтарын пайдалану, Fine Reader бағдарламасымен жұмыс жасау, өңдеу жұмыстарын жүргізуі, облыс кітапханаларының виртуалды пайдаланушыларына қолжетімділікті арттыру және оқырман мен кітапхананың өзара байланысын жеңілдету мақсатында кітапхана сайттарына ақпараттарды енгізу жолдары түсіндірілді. Жоғары технологиялар инфрақұрылымын құру мақсатында жоғары жылдамдықтағы планертарлы А2 форматындағы сканердің және Web-rabis бағдарамасының тиімділігі жайлы мәліметтер берілді.



 
26 сәуір 2019 ж. 19:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: