«Үздік оқырман бенефисі»

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың  17 мамыр  күні  рухани ойлау дәрежесі  биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге тәрбиелеу, қадірлеуге баулу мақсатында  абонементтік қамтамасыз ету секторында «Үздік оқырман-2019» бенефисі өткізілді.     

      Шараға кітапхананың белсенді оқырманы  Искаков  Бакир шақырылды. Искаков Бакир сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінезімен адам жүрегіне жол тартатын жан. Ол қазақи болмысымызбен мәдениетімізді,салт-дәстүрімізді, әдеби құндылықтарымызбен тамырлы тарихымызды  насихаттауда талмай жұмыс жасауда. Тек өткен жылдың ішінде ол 200-

ден аса кітап оқып шыққан. Искаков Бакир оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд жасалды. Ол өзі оқыған кітаптарынан алған әсерін кеш қонақтарымен бөлісті. Кешке қатысушылар Искаков Бакир  туралы  өте жақсы пікірлермен бөлісіп, шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты.


 
17 мамыр 2019 ж. 19:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: