«Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

    29 мамыр күні   Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  Халықаралық балаларды қорғау күніне қарсанында  «Нұрлы болашақ» республикалық акциясының шеңберінде  «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» мерекелік кеш ұйымдастырылды.

  Ғажайып ертегі кейіпкерлерімен, жарқын әсем безендірілген кітапхананың аванзалында  «Alif» атындағы  көпсалалы оқу орталығының, №4 С. Сейфуллин атындағы  орта мектептың  және  «Балауса» балабақшаның  дарынды, сүймкімді, кішкентай жұлдыздары өз өнерлерімен барлығын тәнті етті. Бұл мерекеде баланың жайдарлы күлкісі, қызықты билер, қөнілді әндер мен театрлық қойылымдар  ешкімді  бей – жай қалдырмады. Мереке тартымды да қызықты өтіп, балаларға  көңіл-күй  сыйлады.

   Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар,  кітапхананың  белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар  тамашалады.

     Шара соңында қатысушылар  «Бақытты  балалар  бейбіт  елдің тірегі» атты кітап көрмесімен  танысты.











 
29 мамыр 2019 ж. 19:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: