«Ұлт тәрбиесі – ұлағат көзі» атты әдеби көрме-жәрмеңке

      2019 жылдың 13 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ фольклорының 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағын насихаттау мақсатында «Ұлт тәрбиесі – ұлағат көзі» атты  әдеби көрме-жәрмеңке  ұйымдастырылды.

«Бабалар сөзі» топтамасына ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мол мағлұмат беретін құнды әдебиеттер енген.

     Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – кітапты насихаттау,  әдеби мұраны дамыту, оқырман мәдениетін қалыптастыру. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы  аясында  орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасын, Ұлылардың даналық сөздері, өсиеті туралы берері мол қазынаны ел-жұртқа толықтай таныстыру. Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жастарға бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді түсіндіру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеуде ұлттық тұлғаның қалыптасатынын ұғындыру.

     Көрме-жәрмеңкеде  оқырмандар баспа өнімдерімен жақын танысып, қызықты, тартымды да тағылымды көптеген ақпараттармен танысты. Атап айтқанда, сұрақ-жауап көрмесі, ақын-жазушылардың жаңа басылымының таныстырылымы, әңгіме - сұхбат, қатысушылар арасында викториналық сауалдар ойыны өткізілді. Көрмеге қатысушылар кітап әлемінің өзекті де өткір мәселелерін талқыға салды.

    Көрме-жәрмеңке аясында қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуездің кітапханаға жаңадан келіп түскен «Ділім» кітабының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ А.Омарбекованың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге арналған, әлемдік рухани ұстаздар мен қазақтың ғұлама ойшылдарының ой-тұжырымдары жинақталған «Өзін-өзі тану» хрестоматиялық жинағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының «Өмірбаян туған күннен басталады» жинағы таныстырылды. Көрмеге 205 кітап, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылды.

       
 

13 маусым 2019 ж. 13:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: