Домбырам, жүрегіммен үндес едің...

    14  маусым  күні  Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасының өнер бөлімінің залында Ұлттық домбыра күніне орай  «Домбыра жүрегіммен үндес едің...» атты мәдени шара өткізілді.

   Шараның мақсаты – жастарға Ұлттық домбыра күнінің маңыздылығын көрсету, домбыра аспабының тарихымен таныстыру, жастарды өнерді құрметтеуге баулу, қазақтың халық шығармашылығын насихаттау, ұлттық өнерге қолдау көрсету. 

    Елбасы Жарлығымен  шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілен. Қазақ халқының шежіресін шерткен көне аспап – домбыра қасиетті құрал ғана емес, талай кезеңдердің тарихи куәгері. Қуанышы мен жұбанышында да, қайғысы мен мұңында да домбыра қазаққа серік болды.  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен концерт-кеш барысында Елбасы бекіткен мерекенің мәні мен маңыздылығы жайында, домбыраның қазақ өмірінде алатын ерекшелігі жайында айтылды. Тұрмағамбет атындағы ұлт аспаптар оркестірінің домбырашылары мен домбыра үйірмесінің оқушыларының орындауында Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Төремұрат» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» тағы да басқа күйлер  орындалды.

     Шара соңында қонақтарға «Домбырам, жүрегіммен үндес едің...» атты кітап көрмесі таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.






 
14 маусым 2019 ж. 17:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: