«Үлкен әлемге жол ашатын-кітап»

           Жазғы демалыс күндері кітапхана  «Біз кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында жас  бүлдіршіндердің кітапқа қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеті мен білім деңгейін кеңейту, сонымен қатар оқу процесіне дайындау мақсатында қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен жүйелі түрде жұмыс жасалуда.

          2019 жылдың 2 шілде күні «Сыр еркесі» балабақшасында «Үлкен  әлемге жол ашатын-кітап» атты библиодесант өткізілді. Балабақшаның бүлдіршіндері балаларға арналған  қазақ ақын-жазушыларының  өлең әңгімелерімен,  музыкалық, қозғалатын фигуралары бар кітаптармен,    ғажайып басылымдармен, сөйлейтін кітаптармен және қызықты  энциклопедиялармен  танысты.

         Кітапханашы бүлдіршіндермен «Не?, Қалай?, Неге?» сұрақ-жауап түрінде әңгіме шолу жасады. Шара соңында  «Мен қай ертегіденмін» атты ойын-викторина өткізді.






 

03 шілде 2019 ж. 11:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: