«Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күні

   Білім күні қарсаңында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 2 қыркүйегі күні «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күні ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту.

Шараға қаламыздағы жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының 1 курс студенттері мен мектеп оқушылары, оқытушылар мен мұғалімдер, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

    Ашық есік күніне қатысушылар кітапхана қызметімен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітап қорының ерекшелігімен, кітапхана жобаларымен, сондай-ақ  «Кітап – ғасыр мұрасы», «100 жаңа оқулық» - қазақ ғылымының жаңа белесі», «Кітап – тарих, кітап – қазына» тақырыбында сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмелерімен танысып, «Абай мұрасы» библио-party,  «Білім –  ырыс қазығы» атты викториналық ойынға қатысты.






 

03 қыркүйек 2019 ж. 18:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: