Еңсесі биік Ер Едіге Тарихи-танымдық кеш

  2019 жылдың 13 қыркүйек күні Тұңғыш Президент-Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Еңсесі биік Ер Едіге» атты тарихи-танымдық  кеш ұйымдастырды.

  Мақсаты: Ұлы дала тарихынан сыр шерту арқылы «Ер Едіге» атты тарихи қаһармандық жырдың мән-мазмұнын ашу, жастардың патриоттық сезімі мен отансүйгіштік сезімдерін арттыру.

  Шара барысында «Ер Едіге» жыры туралы Ш.Уәлиханов, П.Мелиоранский, Г.Потанин, В.Радлов, И.Беляев, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов сияқты белгілі ғалымдардың зерттеулері таныстырылды.

  Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, магистр Байқадамова Гүлжауһар Махмудқызы және студент-жастар қатысты.




 
13 қыркүйек 2019 ж. 18:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: