«Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты онлайн конференциясы

      17  қыркүйек  күні  Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  халқымыздың бір  дәуір, бір  уақыт, бір  тағдыр басын қосқан үш  бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге  арналған  «Үш  бәйтерек:  тағдыр  мен  тағылым»  атты  онлайн  конференциясы  өткізілді.

     Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Биылғы жылы үш алып  бәйтерегіміздің туғанына 125 – жыл толып отыр.

     Іс-шараның  мақсаты - ұлағатты адамдардың өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту.

     Осы  айтулы  датаға  байланысты  аудан  кітапханашыларымен  өткізілген  онлайн  конференцияға  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары тарих  ғылымының  кандидаты М.Аңсатова және филология ғылымының кандидаты Г.Оралова және   ауылдық  кітапханалар  мен  Қызылорда  «Өркениет»  медициналық   колледжінің  студенттері қатысты.




 
17 қыркүйек 2019 ж. 16:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: