«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

   19 қыркүйек күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла»  акциясы ұйымдастырылды.

   Акцияның мақсаты - кітапхана қорын толықтыру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.

   Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға мыңға жуық  кітап сыйға тартылды. Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, кітапхана оқырманы С.Раханов А.Құнанбаевтың 1948 жылы шыққан кітабын  тарту жасады. Ақын Ә.Рахымбекұлы «Ғұмырдария»,»Жыраулар», «Тұлпарлар тағдыры», «Жүрек жылуы», «Махаббат дастаны» атты кітаптарын сыйласа, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессорлары Ж.Әбілдаева жеке кітапханасынан 50-ге жуық кітап, К.Садуақасқызы өзінің «Химияны оқыту әдістемесі», «Химиядан үлгермеушілік  себептері және оны жақсарту  жолдары» атты кітаптарын қорға тарту етті.

   Шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Акция соңында жастар кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.

   Акцияға қатысушылар «Сыйға тартылған кітаптар» көрмесімен танысты.  Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі студентері әннен  шашу шашты.










 
19 қыркүйек 2019 ж. 17:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: