«Ел шежіре» атты сұхбат кеші

   Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында 10  қазан  күні облысқа  аты  танымал автокөлік, жол-құрылыс саласының  ардагері, жазушы  Жүзбай  Таңрықбаевпен «Ел  шежіре»  атты сұхбат  кеші  болып  өтті. Халыққа  сіңірген  еңбегінің арқасында облыс, республика  көлемінде  көптеген  марапатқа  ие  болған Ж.Таңрықбаев  кітапхана  оқырмандарымен  кездесіп  өзінің еңбек  жолы мен  шығармашылығы туралы  әңгімеледі. Кеш  барысында  еңбек  ардагері  туралы  қызықты  естелік  әңгімелер  айтылып, арнайы  дайындалған слайд  көрсетілді.

   Іс-шараның  мақсаты аймағымызға  белгілі, өз  саласының  маманы  білімді де  білікті  еңбек  адамының  үлгілі  өмірін, шығармашылығын  насихаттау.    

  Шараға  ҚР құрметті  құрылысшысы Қадрия  Стамшаев,  ҚР мәдениет  қайраткері, «Кәсіпкер  келбеті»  газетінің  тілшісі Қабдеш  Шағыров  және «Өркениет»  медициналық  колледжінің  студенттері  қатысып  кеш  қонақтарына  сұрақтарын  қойды.




 
14 қазан 2019 ж. 17:51
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: