«Қарттарға құрмет-ұрпаққа міндет»

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарға  құрмет - ұрпаққа міндет» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қызметалушылардың рухани көзқарасын кеңейту, кітапханаға соңғы келген көркем әдеби шығармаларды таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеге 114 кітап және мерзімді басылымдар қойылды. Көрмеге  Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар», «Ұлы дала тарихы» кітабы, «Қазақстан» фотоальбомы, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің «Қағанат» атты өлеңдер жинағы, «Жыр маржаны: Қазақ поэзиясының антологиясы», ұлттық рухани құндылық «Менің 100 Кітабым» сериясымен шыққан әдебиеттер, Питер Абрахамстың «Егде жастағы денсаулық», Адам Мекебаевтың үш томдық шығармалар жинағы және жергілікті ақын-жазушылардың еңбектері ұсынылды.



 
01 қазан 2019 ж. 18:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: