«Әбіш әлемі»

        2019  жылдың  14 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Қазақстанның халық жазушысы,  мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш  Кекілбаевтың  80 жылдығына  арналған «Әбіш әлемі» атты оқырмандар  конференциясы ұйымдастырылды.    

       Шараның  мақсаты  Әбіш  Кекілбаевтың өмірі мен қызметін таныстыру және шығармашылығын насихаттау.  Оқырмандар  қазақ  әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланған «Аңыздың ақыры» мен «Үркер» романдарына тоқталды. «Аңыздың ақыры» тарихи романы – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығарма.  «Үркер»  романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды.

      Конференцияға Қызылорда «Болашақ» университетінің  филология ғылымдарының  кандидаты,  доцент Сара Тайманова, Абылай хан атындағы колледжінің  кітапханашысы Айымкүл Қоспанова, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің қазақ тілі және  әдебиет пәнінің мұғалімі Назерке Әлиевалар қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен озық туындыларының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті.

      «Аңызға айналған абыз»  атты жазушының өмірімен шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасалды.



14 қазан 2019 ж. 10:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: