«Жақсылық жаса – балаға»

    12 қараша күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Дүниежүзілік балалар күніне арналған   «Жақсылық жаса – балаға»  атты мерекелік  шара өткізілді.

    Шарада № 217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектеп, «Жас спикер» ораторлық курсының, «Alif» көпсалалы оқу орталығының  оқушылары қатысып, өз өнерлерімен барлығын тәнті етті. Бұл мерекеде баланың жайдарлы күлкісі, қызықты билер, қөнілді әндер мен сахналық қойылым  ешкімді  бей – жай қалдырмады. Мереке тартымды да қызықты өтіп, балаларға  көңіл-күй  сыйлады.

      Мерекелік шараны Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, қаламыздағы №2, №7 Арнайы түзету мектеп-интернаты және

 № 5көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы  мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, кітапхананың  белсенді оқырмандары, ата-аналар  тамашалады.


 



     
12 қараша 2019 ж. 19:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: