«Қалтай оқыған кітаптар»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 20 қараша күні белгілі  драматург - жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам қайраткері Қ.Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған «Қалтай оқыған кітаптар» атты әдеби  кеш  ұйымдастырылды.

    Қ.Мұхамеджанов  замандастарының  айтуы  бойынша  керемет  кітапқұмар  адам  болған  екен. Жиналған  кітаптардан  кімнің кітабы  қай  қатарда  қандай  сөреде  тұрғандығын  жатқа білген.  Бірнеше  мың  кітап: арабша, парсыша, орысша, қазақшаның  араб әрпіндегі, латын  әрпіндегі  кітаптар  оның  өмір  бойғы  жинаған  байлығы  деп  айтуға  болады. Қалтай   Мұхамеджановтың кітапханасы  баяғыда  Отырарда  жоғалып  кеткен, Мысырдағы кезінде  отқа  оранған    Александрия  кітапханаларын  еске  түсіреді.    2015  жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  қоры Қалтай  Мұхамеджановтың  жеке   кітапханасның 8 мың данаға жуық кітап  қорымен  толықтырылды. Біздің  бүгінгі  мақсатымыз  Қалтай  Мұхамеджановтың болашақ ұрпаққа қалдырған бай кітапханасындағы білім мұрасын жазушының көзіндей  көріп, аманатындай  сақтап, оқырмандарға  насихаттау болып  табылады. 

  Осы орайда, оқырмандарды  жазушының жинаған  кітаптарымен таныстыруға  арналған іс-шара Қ.Жұмаділовтың, Ш.Айтматовтың, Ғ.Мүсреповтың, Ә.Нұршайықовтың кітаптарының беташары болды деуімізге болады. Іс-шараға қатысушылар жазушылардың жекелеген шығармаларын  талдап,  басқа   әдебиеттеріне де шолу  жасады. 

   Мәдени  шараға Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушыcы Қ.Құдайбергенов, Өркениет медициналық  колледжінің  студенттері  қатысты.





 

20 қараша 2019 ж. 18:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: