«Өзің оқы да, өзгеге ұсын »

     2019 жылдың 22 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өзің оқы да, өзгеге ұсын» атты кітап алмасып оқу шарасын ұйымдастырды.

    Кітапхана директоры Нұржамал Ахметқалиқызы Мырзамұратова  пікір білдірді. Бүгінгі  білімді ұрпақ – Тәуелсіз еліміздің  берік тірегі. Біз  білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан  дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап- талғамы терең, салауатты өмір  салтын дұрыс  қалыптас-тырған тұлғаны айтамыз. Осы орайда  «Өзің  оқы да, өзгеге ұсын» акциясының  маңызы өте зор.

    Акцияның мақсаты: оқырмандардың  өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті, шетел классик жазушыларының  туындыларын насихаттау. Кез келген оқырман кітап көрмесінен ұнаған  кітабын таңдап, сыйға  алып, оқып,  кейін досыңа, танысына, кітап сүйер оқырманға ұсынуына болады.

   «Буккроссингтің» қазақша тікелей аудармасы-«саяхатшы кітап» дегенді білдіреді, яғни  тек жастар ғана емес, кез-келген адамның рухани дүниесін дамытып, таным дүниесін кеңейтеді.

  Шараға қатысушылар: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Толыбай  Абылаев, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің оқытушысы Назерке Әлиева, Қызылорда политехникалық колледжінің оқытушысы Жадыра Нұрмаханова, оқу орталығының  мұғалім Жанат Спанова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  студенті  Әбілқайыр Мұнарбек.

Шараға қатысушылар  ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Соңында  қонақтар   кітапханаға әкелген кітаптарын табыстап, бір-бірімен кітап алмасты.








 
22 қараша 2019 ж. 18:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: