«Өлеңмен өрнектелген өмір»

       2020 жылдың 17 қантар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми  кітапханасында ақын, журналист  Сейіл Боранбайұлының  90 жылдығына арналған «Өлеңмен өрнектелген өмір» әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кештің басты мақсаты Сейіл Боранбайұлының өмірі мен  шығармашылығын насихаттау, ақын өлеңдері арқылы оқырмандар бойында Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дарынды жазушы, журналист, ақын  Сейіл Боранбайұлы өлең өлкесіне дара болмысын айқындайтын өзіндік ерекшеліктерін, қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Қазақ поэзиясында  Сейіл Боранбайұлының алатын  орны ерекше. Сейіл Боранбайұлының  шығармаларының негізгі арқауы – адалдық, ерлік пен ездік және ұрпақ тәрбиесі, ана, туған жер тақырыбы,  Арал  тағдыры.

           Шараға ұстаз, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір, ақын, ұстаз Д.Торғаева, журналист, ақын Н. Рахмет,  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсатов, ақынның балалары  А. Сейілұлы мен К. Мусаева қатысып, ақынның өмірі мен шығармаршылығына тоқталды, естеліктерімен бөлісті.

         Әдеби кешке қатысушылар ақынның «Қайтқан теңіз қасіреті» атты поэмасынан   және «Болса адам түсінікті», «Жыр жазамын», «Ана тілім», «Қызылорда», «Ауылды аңсау», «Жер - Ана» т.б өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кеш соңында ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.






 
17 қаңтар 2020 ж. 17:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: