«Еріктілер – қоғамның қозғаушы күші»

   2020 жылдың  13 ақпан  күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды Волонтерлер жылы деп жариялауына орай  «Еріктілер – қоғамның қозғаушы күші» сұхбат-кездесу  ұйымдастырылды.

   Шараның мақсаты - еріктілер қозғалысының тәрбиелік, адамгершілік, патриоттық маңыздылығын насихаттау, қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастардың басын біріктіру.

Аталмыш шараға, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Айдос Қожамұратов,  жоба үйлестіруші Ләзи Алтынбек, «GQ»Үкіметтік емес ұйымының төрағасы Кенжебек Бақытбек, «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ жастар ұйымдарымен және оқу орындарымен жұмыс жасау бөлімінің аға кенесшісі Айдос Сәдіров, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Меңдіқұл Еламан және «Жас Отан” жастар қанатының еріктілері қатысты.

  Іс-шара барысында жастар  волонтерлік қызметтің рөлін арттыру бойынша  атқарылатын   шаралар, ерікті болудың  мүмкіндіктері туралы, жобаларды басқару, командада жұмыс істей білу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту,  жалпы  еріктіліктің қоғамдағы рөлі туралы  пікір алмасты.




 
13 ақпан 2020 ж. 17:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: