«Театр саңлағы»

     14 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, театр режиссеры, драматургия саласында өзінің айшықты ізін қалдырып үлгерген Хұсейін Әмір-Темірдің 80 жасқа толуына және жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсіміне орай «Театр саңлағы» атты кеш ұйымдастырылды.

     Хұсейін Әмір-Темір Қызылорда облысы Сырдария ауданы қазіргі А.Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде оқып, Қазақстанның Халық артисі, атақты профессор Асқар Тоқпановтан дәріс алды.  Шығармашылықтағы алғашқы жолын өз мамандығы бойынша актерлік сатыдан бастады. Кейін Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтының Жоғары режиссерлік курсында оқып жүріп, алып режиссерлердің жұмысын көріп, үлкен тәжірибе мектебінен өтіп келді. 

     1967-1990 жылдары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облысы драма театрында актер, режиссер, бас режиссер, 1992-2003 жылдары Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында бас режиссер болып қызмет етті. 2003 жылдан Қызылорда облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі. 20-дан астам рөлде ойнап, 200-ге тарта қойылымды сахнаға шығарған. VI, X, XI Қазақстан Республикасы театрларының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және бірнеше дипломдармен марапатталған. 

      Шара барысында Х.Әмір-Темірдің өмірі мен өнері сабақтасып жатқан театр әлемі жайлы тебіреніспен сыр шерткен 4 жаңа кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.

      Сонымен қатар жастар сахнагерге әртіс мамандығының қырлары мен сырлары, сахналық қойылымдардан естеліктер жөнінде сұрақтар қойып, қызықты сұхбат болды. 

       Кешке қазіргі театр режиссурасының ілгерілеуіне зор үлес қосып жүрген сахнагер Хұсейін Әмір-Темір Жүсіпұлымен қатар, бірқатар театр әртістері, қоғам қайраткерлері, театр саласында оқып жатқан студент жастар, қала, аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Соңынан Хұсейін Әмір-Темірдің өмірі мен шығармашылығына арналған «Театр саңлағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.





 
14 ақпан 2020 ж. 16:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: