«Бәрін білгім келеді» /ойын-викторина/

  11 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында  « Кітаппен  бірге өсеміз»  жоба  аясында балаларды ерте жастан кітап оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақыл-ой және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында  «Бегім ана» балабақшасының «Қуаныш» тобының тәрбиеленушілеріне «Бәрін білгім келеді» ойын-викторина  өткізілді.

   Шарада   балалар  кітапхана туралы, кітап оқудың пайдасы жайлы қызықты және тартымды әңгіме тыңдап,  жаңа әдебиеттермен танысып,  төрт кезеңнен құрылған ойын – викторинаға қатысты. Атап айтқанда: «Сиқырлы үй – кітапхана»,« Кім ақылды, кім зерек?», «Жануарлар әлемі»,  «Ертегіні айтып бер».  Ойын барысында бүлдіршіндер  кітап жайлы  жұмақтар шешіп,   өлең  оқып, жануарлар туралы мәлімет алып, дүниетанымын кеңейтетін, ақыл- ойын дамытатын дидактикалық ойындарға  қатысты.  Шара  соңыңда  кітапханаға саяхат  ұйымдастырылды.





 

 

11 ақпан 2020 ж. 17:04
0 қарау
Пікір
1
Облыстық Ә. Тәжібаев атындағы кітапханасына көп алғысымды айтамын және шығармашылық табыс тілеймін!Алдағы уақытта жұмыстарыңыз алға басып,осы қалыптарыңнан қайтпауға,балаларға ерте жастан бастап,кітапты оқу арқылы саналы азамат және де,артка қалар ұрпағымызға жақсы тәрбие мен оқуды бірге алып жүруге,ерінбей оқу арқылы бала миына тоқиды...............................Алғысымды білдіремін!
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: