Қолөнер және шеберлік

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастар мен оқушылардың қолөнер бұйымдарына деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге үйрету мақсатында «Қолөнер және шеберлік» айдарымен шеберлік сабағын ұйымдастырылды.

      Шеберлік сабағын қаламыздағы №267, №261 орта мектептерінің және №2 дарынды балаларға арналған Мұрагер мектебінің көркем еңбек пәнінің оқытушылары Стамшаева Сағыныш, Альжанова Роза Зейнуллақызы, Султангазина Малика Сарсенқызы жүргізіп отырды. Жастарға витраж – әйнек бетіне сурет салу, бисердан гүл шоқтарын жасау, фетрмен ұлттық нақышта жұмыстар көрсетілді. Сабаққа қаламыздағы «Авиценна» медициналық колледж студенттері қатысып, қолөнер бұйымдары мен оларды жасау жолдары  туралы көптеген мәліметтер алды. Қыздар өздеріне ұнайтын бұйымдарды өз қолдарымен жасап үйренді.





 
24 ақпан 2020 ж. 11:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: