Көне дәуірдің аңыздары

      2020-2022 жылдарында Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы мәдени – гуманитарлық ынтымақтастық кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 24 ақпан күні «Славяне» қоғамдық – мәдени орталығымен» бірлесе отырып «Көне дәуірдің аңыздары» атты шараны ұйымдастырды.

      Бұл шара христиан дінінің «Масленица» мерекесінің бірінші күні өтті.

      Орыс халықының салт – дәстүріне сәйкес безендірілген шарада «Славяне» қоғамдық – мәдени орталығының мүшелері әсем ән орындап, "Жәрмеңке" театрландырылған қойылым көрсетіп, көрермендерді өз шеберліктерімен баурап алды.

      Осы шарада Ж.Нұрсейітов атындағы №233, Б.Шалғынбаев атындағы №217, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің оқушылары және "Alif" көпсалалы оқу орталығының, «Керемет» театр –би студиясының  балалары частушкаларды орындап, мың бұралған билерімен бұл күннің шырайын келтіре түсті. Қатысушылар орыс халқының "Шалқан" ертегісін сахналап, халық ойындарын ойнады. Шара өте тартымды, қөңілді, қызықты өтті.

      Шара соңында балалар «Көне дәуірдің аңыздары» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.









 
24 ақпан 2020 ж. 13:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: