Балауса бағым, шаттық пен қуаныш» онлайн мерекелік кеш

     1 маусым  күні  Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне  орай   балаларға  шын көңілден шаттық,  көңіл-күй  сыйлап, мейірімділікке  баулу, шығармашылық  қабілеттерін  шыңдау  мақсатында «Балауса бағым, шаттық пен   қуаныш» атты онлайн  мерекелік  кеш ұйымдастырды.

     Мерекеге І.Қабылов атындағы №12, Б.Шалғынбаев атындағы №217, С.Сейфуллин атындағы №4,Т.Есетов  атындағы №264 IT-мектеп-лицейінің және  А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің оқушылары қатысты. Қатысушылар туған жер, бақытты балалық шақ, достық,  ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.




 
01 маусым 2020 ж. 10:46
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: