«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» виртуалды кітап көрмесі

     2020 жылдың 27 мамыр күні 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты виртуалды кітап көрмесі жасалды. 

    Көрменің мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Көрме «Ашаршылық ақиқаты», «Зұлмат жылдар жаңғырығы», «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» атты үш бөлімге топтасты.Көрмеге Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген отызыншы жылдар ойраны, сол бір зұлмат кезеңнің экономикалық жағдайы, аштық пен азапты өлімнің себеп – салдары, кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударып,  қазақ халқы бауырына басқан халықтардың тарихын баяндайтын Г.Канның «Корейцы Казахстана,  «Қазақ қалай аштыққа ұшырады», В.Михайловтың «Ұлы жұттың жазбалары», Т.Тілеуханның «Отыз жетінші жылдың балалары», Б.Қойшыбаевтың «Жазықсыз жапа шеккендер», С.Өзбекұлының «Арыстары Алаштың», «Зауал», «Зобалаң»т.б.кітаптар мен саяси қуғын – сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, баспасөз материалдары қойылды.  




 
27 мамыр 2020 ж. 12:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: