«Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы» онлайн тікелей эфир

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 22 мамыр күні шығыстың ғұлама ойшылы, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай фарабитанушы, ғалым Медетбаев Тасболат Сиезбайұлымен «Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы» атты онлайн тікелей эфир ұйымдастырды.

      Мақсаты: Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. жастардың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да  үлесін қосуға, жастардың бойында азаматтық позицияны, патриоттық сезімді оятуға, ерікті болу арқылы біз жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қармай оған өзіндік үлесін қосатын азамат етіп тәрбиелеуге шақыру.

     Тікелей эфир барысында көрермендер Әл-Фарабидің өмірбаянымен, шығармашылығымен жақын танысуға, оның ғылыми еңбек мұраларын ой-електен өткізіп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды.


 
22 мамыр 2020 ж. 16:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: