«Үлкен әлемге жол ашатын-кітап» библиодесант

   3 шілде күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бүлдіршіндердің кітапқа қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеті мен білім деңгейін кеңейту мақсатында қаланың мектепке дейінгі мекемесі «Ералаш» балабақшасында «Үлкен әлемге жол ашатын-кітап» атты библиодесант ұйымдастырды.

  Шара барысында кітапханашы бүлдіршіндерді әртүрлі  музыкалық, қозғалатын фигуралары бар кітаптармен таныстырып, шолу жасады.  Шара соңында  бүлдіршіндермен «Кейіпкерді тап», «Кім ақылды, кім зерек?», «Жануарлар әлемі»,  атты викторина бойынша сұрақтарға  жауап беріп, ойын ойнатылды.



 
03 шілде 2020 ж. 18:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: