Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел

     2021 жылдың 11 қаңтарында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ардагерлердің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Болашаққа қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті мақаласында еліміздің өткені мен қазіргі болашағы жайлы айтылған. Мемлекет басшысы осы 30 жылды үш онжылдыққа бөліп, әрқайсысына кеңірек тоқталып өткен. Осы мақсатта бүгінгі шараға қатысқан ардагерлер, Сыр елінде Тәуелсіздік алғалы оң өзгерістер мен өткен сын сағаттарын ой-елегінен өткізіп, жарқын болашаққа үлкен үміт арта отырып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Шараға: Жұбатыров Сайлаубай Жұбатырұлы, Сисекеева Күлбаршын Раушанбекқызы, Наурызбаева Рахат Наурызбайқызы, Қосанов Оразбай, Тайманова Сара Тамшыбайқызы, Әбішов Сайлаубай Әбішұлы, Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, Арғынбаева Роза Жәнібекқызы , Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы және кітапхана басшысы Нұрлыбек Кәрібозұлы қатысты.

 
 
11 қаңтар 2021 ж. 15:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: