Үлкен әлемге жол ашатын-кітап

      2021 жылдың 15 қантар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Біз кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында «Бегім ана» балабақшасында «Үлкен  әлемге жол ашатын-кітап» атты библиодесант өткізді. Жас  бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру,ойлау қабілеті мен білім деңгейін кеңейту мақсатында қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен жүйелі түрде жұмыс жасалуда.
      Шара барысында балабақшаның бүлдіршіндеріне балаларға арналған, музыкалық қозғалатын фигуралары бар кітаптармен, ғажайып басылымдармен, сөйлейтін кітаптармен таныстырылды. Кітапханашы «Менін алғашқы энциклопедиям» кітабына шолу жасап,  әлем және қазақ ертегілері бойынша «Кейіпкерді тап», «Кім ақылды, кім зерек?» атты викторина және «Жануарлар әлемі» пазлы ойындарын ойнатты.
 
15 қаңтар 2021 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: