ОБЛЫС ӘКІМІ Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛДЫ

      2021 жылдың 23 қыркүйек күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып, кітапхана жұмысымен танысты. Кітапхана басшысы Н.Мыңжас кітапхана қызметімен, кітап көрмелерімен және арнайы залдармен таныстырды. Кітапханада кітап қорын қалыптастыру, құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, кітапты және оқуды насихаттау мақсатында атқарылған шараларға, кітапханадағы шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтың жұмысына тоқталды. Облыс басшысы Қалтай Мұхамеджанов залында, Ә.Тәжібаев музейінде, «Шаңырақ» интеллект-орталығында және кітапхана жанынан ашылған АРТ-студияда, коворкинг орталықта болды.
    Сондай-ақ облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кітапқұмар Сыр жастарынан құралған «Кітап құрттары» клубының мүшелерімен кездесті. Облыс басшысы кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.



 
22 қыркүйек 2021 ж. 15:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: