«Әдебиет әлемінің Сәулесі» атты кездесу кеші

     2021 жылдың 29 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, журналист Сәуле Досжанның шығармашылығына арналған «Әдебиет әлемінің Сәулесі» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
     Шараның мақсаты - Сәуле Мағазбекқызының шығармашылығын оқырман қауымға тереңірек таныстыру, әңгіме, роман құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Шара барысында Сәуле Досжан жастарға үлгі өнеге болатын келелі ғибратты әңгімелер айтып, сұрақтарға жауап берді. Шара қонақтары Сәуле Досжанның  шығармаларында замандастарының тағдыры, отбасы проблемалары,   жалпы адамгершілік құндылықтары терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес мұраларын оқуға шақырды.Кеш барысында «Құдіретті қалам иесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.




 
01 қазан 2021 ж. 18:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: