«Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби кеш

        15 қазан күні Қазақтың ұлы ағартушысы,  қоғам қайраткері, ғалым-этнограф,  жазушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі Ы. Алтынсариннің туғанына180 жыл толуына орай   «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты  әдеби кеш ұйымдастырылды. 

Шараның мақсаты: Ұлы ағартушының шығармалары арқылы өскелең ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

       Шараға қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы №10, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей, К.Қаракөзов  атындағы  №235 орта мектебінің  мұғалімдері мен оқушылары қатысты.Шараға қатысқан балалар Ұлы ұстаздың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақыратын өсиет өлеңдерін жатқа оқып, әңгімелері бойынша  «Әке мен бала», « Асыл шөп» көрініс қойды.

    Шара барысында «Ұлы даланың дара жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.


 





 
15 қазан 2021 ж. 18:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: