«Айдынды Арал – Сыр бойының айбыны» атты онлайн кітап көрмесіАрал балықшыларының 14 вагон балық жөнелту тарихи оқиғасына 100 жыл толуына орай, 21 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Айдынды Арал – Сыр бойының айбыны» атты онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Әбдіжәмил Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы, Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы», Айжарық Сәдібекұлының «Бұрынғының адамдары», Құдайберген Саржановтың «Аралдың айтылмаған ақиқаты», Мереке Құлкеновтың «Арал тағдыры» кітабы, және «Арал әлемі» газетінде «Әйгілі хатқа 100 жыл» айдарымен жарық көрген мақалалар қойылды. |
Гости11
Роботы20
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 12 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ