«Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік кеш

   1 маусымда Қ Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында   Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай  «Мен өмірдің гүлімін» атты  мерекелік    кеш ұйымдастырылды.

  Шараның мақсаты: балаларға  шын көңілден шаттық,  көңіл-күй  сыйлап, мейірімділікке  баулу, шығармашылық  қабілеттерін  шыңдау. 

   Мерекеге мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатысып,  туған жер, бақытты балалық шақ, достық  әндерін шырқап, би билеп шараның  қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. «Жайна құлыншақ» балабақшасының бүлдіршіндері  «Қасқыр мен жеті лақ» орыс халық ертегісінен  қойылым қойды. Мерекелік шараны Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде есепте тұрған  /үйден қызмет көрсетілетін/ мүмкіндігі шектеулі және қала мектептерінің балалары, кітапхананың  белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады.




 
01 маусым 2021 ж. 10:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: