Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып таңдалған 30 үздік шығарманың ішінде Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды

  Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып таңдалған 30 үздік шығарманың ішінде Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды.

 Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау мақсатында 18 мамыр күні «Жыр бәйтерегі» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабына талдау өткізілді.

 «Менің Қазақстаным» кітабы Жұмекен Нәжімеденовтың 70 жылдық мерейтойына орай таңдаулы 70 өлеңі алғаш рет үш тілде тілде иллюстрациялық альбом түрінде жарық көрді. Кейін 2008 жылы Алматы қаласында «Атамұра» баспасынан 367 бет болып қайта басылып шықты.Қазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік түр, болмыс пен бояу әкелген аса дарынды ақын Жұмекен Нәжімеденовтың бұл таңдамалы жинағына көзі тірісінде жарық көрген өлеңдері мен дастандары бұрын жарық көрмеген бір топ шығармалары оқырман назарына ұсынылды.





 
18 мамыр 2021 ж. 12:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: