«Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» атты кітап көрмесі

2021 жылдың 14 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандарға діни экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу туралы мағлұмат беру мақсатында «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге  Қ.Рахмановтың «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» жинағы, «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» әдістемелік материалдар жинағы, Л.Шарифтің «Дініңді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» кітабы тағы да басқа әдебиеттер  сонымен қатар баспасөз ақпарат құралдарында жарияланған мазмұнды мақалалар мен бірнеше фотосуреттер қойылды.
 

 
14 мамыр 2021 ж. 10:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: