Көрнекті жазушы Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» кітабына онлайн шолу

     18 маусым күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізіміне енген көрнекті жазушы Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» кітабына онлайн шолу өткізілді. Шолудың мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығын оқырман қауымға кеңінен таныстыру.

    Жазушы Тобық Жармағамбетов «Отамалы» әңгімесінде  ата-бабалардың өткен өмірін шынайы шындықпен көрсетіп, қазақ халқының рухани болмысын ерекшелеп тұратын кітаптың басты кейіпкері Отамалының бойындағы  имани тазалығы, ізгілік ойлары, биік адамшылдық адамгершілік қасиеттерін оқырман қауымының жүрегіне жеткізе білген.

     Шолу барысында кітапхананың тұрақты оқырманы Шердай Ерхан шығармаға қысқаша шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.



 
18 маусым 2021 ж. 11:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: